12.05.2022
156
Қанағат жақсы, қанағат
Іліккің келсе жақсы атқа,
ісіңді ешбір ақсатпа!
Жетпей ме өзің сүйгенің,
сүйікті болу– мақсат па?!
Кірпіктен тамшы тамса да,
кісінің көңілін аңсама.
Тіректі сырттан іздеумен,
құлап бір жатқан қаншама.
Жақсының әлде көзісің,
әлде тап соның өзісің.
Сүйікті болу– кісі ісі,
біреуді сүю– өз ісің.
Айтпаймын сөзді балағат,
ойды арам лақтыр, далаға ат!
Күмәнді істі күткенше,
қанағат жақсы, қанағат!