10.05.2022
  164


Автор: Гүлбақыт Қасен

Айға да ғашық жүрегім

Айға да ғашық жүрегім,
Тек саған құшақ жаяды.
Кім табар оның бір емін
Біреулер мені аяды...
Күнге де ғашық жүрегім,
Тек саған құшақ жаяды.
Күйемін ертең білемін
Тобығым қайта таяды...
Жұлдызға ғашық жүрегім,
Тек саған құшақ жаяды.
Жылаймын дағы күлемін,
Баяғы жартас баяғы...
Өмірге ғашық жүрегім,
Өзіңе құшақ жаяды.
Бүгінім аян, білемін...
Не болар екен аяғы?
*************
Мен саған ғашық емес ем...
Не десем екен, не десем?
Жараланған жанымды
дедің бе сен емдесем...
Мен сені жақсы көрмеп ем,
Ешқашан көңіл бөлмеп ем.
Жүрегімде сезім жоқ,
жанарым бар өлмеген...
Мен сені ұғам, түсінем,
Үндемей ғана күрсінем.
Өз-өзімді жасырам,
Сезімнің тылсым күшінен.





Пікір жазу