09.05.2022
  161


Автор: Сабыр Адай

Кенже жүрек

Мұңайды жан ағам да
Ел кетіп тарағанда.
Əкені жоқтап жүріп
Көз жаздық анадан да.
Шерлінің шертер үнін
Бірі кем келте күнім.
Анамның табытына
Кетті еріп еркелігім.
Қатайды көңіл бүгін
Арта сап өмір жүгін.
Жанымда жарқын бейнең
Көзімде сенің мұңың.
Сөйлетіп бұла күнді
Көп тостым құлағымды.
Қол жайып кенже жүрек
Кемсеңдеп дұға қылды.





Пікір жазу