07.05.2022
  107


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Жүрегімде тойланды

Ай туғалы əкең қанша ойланды,
Жек көремін сырын айтпай қойғанды.
Туған күнің ұлан-асыр сезіммен,
Менің мешкей жүрегімде тойланды.
Естіп пе едің құс шулаған көл үнін,
Құдды сондай менің дарқан көңілім.
Бірақ маған қарау тағдыр қимаған,
Əттең-əттең көшке жетер көлігін.
Өмірін сүй өзі биік тұлғаның,
Тең болса екен тұлпарыңа тұрманың.
Еңбегіңе ел көңілі толғанша,
Тойланбай-ақ тұрсын сол күн туғаның.





Пікір жазу