meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  19.04.2022
  169


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Тоқтап жүрек

Тоқтап жүрек, жұмылып көз,
Қашар қаны жанардың.
Болып ұмыт сәулелі кез,
Қараңғыда қалармын.
Тамып көздің ыстық жасы,
Жазықсыз гүл жұлынар.
Өлшеусіз дос ықыласы,
Зираттың тек шыңы бар.
Мұңлы күзде әлдилер жел
Сағынышпен шыдамды.
Шат көктемде лайсаң сел
Кетер шайып күнәмді.





Пікір жазу