13.04.2022
  365


Автор: Бағлан Ерғали

Соғады жүрек

Соғады жүрек, тек сен деп, 


Көңілдің шөлі бір қанбай. 


Кеудеме сыймай дүрсілдеп, 


Өзіңді аңсап тұрғандай. 


 


Сезімге тәтті малшынып, 


Өткіздім түндер көз ілмей. 


Көңілде арман, қанша үміт, 


Уақыт та өтті сезілмей. 


 


Сыбағам сенсіз кем менің, 


Тұрса да қолда мансабым. 


Түсіме енші сен менің, 


Жүзіңді Айдай аңсадым. 





Пікір жазу