13.04.2022
295
Соңғы үміт
Естілгендей бір ғажайып қырдан ән,
Сен екен деп көңіл ұйып тыңдағам.
Сағыныштан елеңдеген әр үнге,
Мендей болып өткен ғашық мыңдаған.
Тар көрініп сенсіз мына өріс кең,
Бар мұңымды айлы түнмен бөліскем.
Кетер емес көз алдымнан сол бір сәт,
Өзіңменен ең алғашқы көріскен.
Жанарымда ізі кетпес мұң қалған,
Соңғы үміт өзің едің, соңғы арман!
Ер Қайыптай Ақбөбегін аңсаған,
Бейнетіне бұл өмірдің шыңдалғам.