16.03.2022
  167


Автор: Абдрахман Асылбек

Сен деп жүрек бұлқынды

Сыңғыратып күй түрлі,
Шайдай аштың ұйқымды.
Келбетіңмен керемет
Сүйкімдісің, сүйкімді.
Жан жаулаған сиқырлы,
Ұнатамын күлкіңді.
Қылығыңмен керемет
Сүйкімдісің, сүйкімді.
Болса да қыз мың түрлі,
Бәрі басқа, біртүрлі.
Сымбатыңа сұқтанбай,
Өткізбеймін бір күнді.
Сен деп жүрек бұлқынды,
Бір өзіңе ұмтылды.
Бермесең де қылқыңды,
Бермеші тек сыртыңды.





Пікір жазу