13.03.2022
188
Сені күттім
Сені күттім, ұзақ күттім,
Зор үмітпен шыдап күттім.
Тәңір маған қарайласты,
Көктем болып арай шашты.
Тағдырдан сен торықпадың,
Қиындықтан қорықпадың.
Лауладың да жалын болып,
Құштың мені жарым болып.