08.03.2022
  123


Автор: Абдрахман Асылбек

Айналдың әндерге әсем

Мен – қайсар тас жүрек ем,
Емендей иілмеген.
Сен – жайсаң жас жүрек ең,
Жігіт жоқ сүйінбеген.
Мен сені көрген күннен
Жаныңа жетем деп ем.
Сен сонда өр көңілмен
Қарамай кетем деп ең.
Бәрібір тағдыр бізді
Бақыттан босатпады.
Жүректі жандырды ізгі,
Құлындай қосақтады.
Мен сені сәл көрмесем,
Сағынып жыр арнадым.
Айналдың әндерге әсем –
Сыйы бұл бір Алланың.





Пікір жазу