04.03.2022
  138


Автор: Абдрахман Асылбек

Болайын деп жүр екем, толайын деп

Болайын деп жүр екем, толайын деп,
Өлең сөзге өзгеше орайым кеп.
Көрген жоқпын алайда еш пенденің
Жолын кесіп, алдынан орайып деп.
Болайын деп жүр екем, толайын деп,
Бұрқыратып жырымды, борайын деп.
Шар құрамын, тынымсыз талпынамын,
Ор жүрекке жылу боп қонайын деп.





Пікір жазу