03.03.2022
  187


Автор: Абдрахман Асылбек

Қыз деген нәзік болсайшы

Қыз деген нәзік болсайшы,
Жаны кең жазық болсайшы.
Жігіттің үміт күніне
Айланар қазық болсайшы.
Бір мезет күлсең, не етеді?
Жайраңдап жүрсең, жетеді.
Тым салқын, селқос қарауың,
Мені шын бүрсеңдетеді.
Қаталдық қызға лайық па?
Бұйырма мені айыпқа.
Махббат отын маздатып,
Жүректі қыздырайық та.
Көңілді манауратайық,
Өмірді алаулатайық.
Жастықтың жарқын жалынын
Жырменен жалаулатайық!





Пікір жазу