27.02.2022
167
Туғаннан талабымды тұлпар қылып
Туғаннан талабымды тұлпар қылып,
Ұшырдым үмітімді сұңқар қылып.
Сұлулық, сымбаттылық атаулыға
Тәңірім қойған мені іңкәр қылып.
Сүйемін түздің кербез киігін де,
Еркелеп еркін өскен биігінде.
Аңы да табиғаттың алуан түрлі,
Бірінен бірі көркем үйірінде.
Сүйемін күмбірлеген күй үнін де,
Адамның жарасымды киімін де.
Ізгілік – іздегенім,
Дүниеде
Бәрі де жаратылған сүйінуге.
Қақым жоқ қиянаттан күйінуге,
Біреуге қастық ойлап, түйіліуге.
Алдында әсемдік пен әділдіктің
Келемін тал шыбықтай иілуде.