23.02.2022
  137


Автор: Абдрахман Асылбек

Ән жүрегім – Астана

Әнін жазған Жеңіс Сейдоллаұлы

Аралап келемін кең даламды,
Аралап келемін ен даламды,
Бағалап келемін ер бабамды,
Жер қорғаны,
Ел қорғаны.
Кең байтақ көсілген жеріміз бар,
Өркенін өсірген еліміз бар,
Айқара ашылан төріміз бар,
Келіңіздер,
Көріңіздер.

Қайырмасы:
Самғап қыраным ғарышты,
Жалғап жақын мен алысты,
Ғашық жүректер табысты.
Астана көгінде мен де,
Астана көгінде сен де,
Ән арнап егемен елге,
Қалықтай берейік.

Астана – елімнің ақ ордасы,
Астана – елімнің бақ ордасы,
Астана – жерімнің қақ ортасы,
Жер кіндігі,
Ел бірлігі.
Көңілі көктемдей ашық әр күн,
Жастары жайдары, асыл, жарқын.
Астана қаласы ғашықтардың,
Бақыт нұры,
Шаттық жыры.

Қайырмасы.





Пікір жазу