20.02.2022
148
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Жанымды менің ұғыңдар
Әнін жазған Әсет Бейсеуов
Күлімдеп тұрған күнім бар.
Күнім бар, нәзік гүлім бар.
Әнім бар, әсем жырым бер –
Жанымды, менің ұғындар.
Қайырмасы:
Көретін әлі күшім бар.
Үзілмес үміт, үшім бар.
Белгісіз қанша ғұмыр бар –
Жанымды менің ұғыңдар.
Анам бар, асыл нұрым бар,
Ағайын, бауыр, інім бар.
Олардан бөлек кімім бар –
Жанымды менің ұғыңдар.
Қайырмасы.
Шығармай жүрген сырым бар,
Шыға алмай жүрген шыңым бар.
Көңілде күдік, мұңым бар –
Жанымды менің ұғыңдар.