meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  17.02.2022
  257


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Қиял қанатында

Үлкеннің ап, батасын,
Бола қалып жас себи.
Ойнайсың да жатасың,
Кейде тігіп тастан үй.
Кейде тулап жар таста,
Тасқын болып тебесің.
Кейде кезіп тау тасты,
Болдырып-ақ келесің.
Ақ кептерге еліктеп,
Абзал жанға сүйініп,
Құйқылжисың беліп кеп
Қыран болып түйіліп...





Пікір жазу