Жас жұбайларға жүрек жарды ақ тілек
Әкеңнің самайы ағарған,
Орындалды пек арман.
Құтты болсын қадамың
құтты болсын Ақ Ордаң!
Тілемейтін қүтім кеп,
Тік ұшсын – деп, түтін – деп,
Жабырқаған кеңілді
Бала келді бүтіндеп.
Ақсарбас қой маңырап
Тойға келді жамырап.
Қарсы алып тұр иесін
Құтты қара шаңырақ!
Дақ түсірмей бетіңе,
Дақ түсірмей етіңе,
Қарсы тұрып жүз қарғам,
Дауылдардың етіне!
Қолғабыс қып еліңе,
Жақсылықтан керіне,
Парасатты үй қарғам,
Жүрегіңнің теріне.
Адам тілін ала біл,
Болашақты шола біл.
Жас-керіге қайырымды
кішіпейіл бола біл!
Сарқып бойда барыңды,
Меңгі сыйла жарыңды.
Әзезілге берілмей
сақта, асыл арыңды.
Кезіңді ашып оян да,
Жарың тұрсын саяңда.
Ерме, қарғам, емірі
Жаяу есек-аяңға.
Танып алыс, жақынды,
Шығармаңдар атыңды.
Екуің де тектіден,
Екеуің де ақылды!
Ата тілін алсаңдар,
Айтқанымда қалсаңдар.
Сез етпейді! Ездерің,
Тату-тетті болсаңдар!
Қасиетті бұл ауыл,
Жүректері жылы ауыл.
Жаңа түскен келіннің
Арқалайтын жүгі ауыр.
Түй осыны ішіңе,
ұқыпты бол ісіңе.
Мың кісілік орын бар
Езі жақсы кісіге!
Сақтамау жен еш екпе,
Мың қайта ақыл есепте.
Алды, артын үлкеннің,
Келденеңдеп кесе етпе!
Жатпасын үй шашулы,
Артқа таста ашуды.
Мейман келсе бейек боп
Қазан тұрсын асулы.
Тетті тілің – балдай жыр,
Ел кеңілін аулай жүр.
Үлкендер мен баланы
Шамаң келсе алдай жүр.
Болса да жат, алты алаш,
Іске кіріс қарбалас.
Абысын мен Ажынмен
Араласып бал жалас!
Дос емесің жүз күнге!
Меңгі жарсың Сіз мүлде.
Буырқансаң біреуің
Бірің ашу тізгінде!
Құт боп осы босағаң
Жарқырай бер, бас аман!
Ұзағынан сендерді
Сүйіндірсін жасаған!
Жан екең бір туыссың
Жанашырсың, тыныссың!
Берік болсын босағаң
түтіндерің тік ұшсын!
Екеу болды біреуім,
Берік болсын тіреуің!
Айналайын, ағайын
Қабыл болсын тілеуің!