10.02.2022
  121


Автор: Құл-Керім Елемес

МИЛЛИОН ЖҮРЕКТЕН ӨТУ НЕМЕСЕ ЖАРҚЫНЫМ


(Жарқынның «Мың бір сапарының» оқырманы
миллионға толған күні жазылған жыр)
Жарқыным-ау, жарқыным!
Үдей түссін қарқының!
Мадақ хаққа!
Сан шүкір,
Үні болдың жалпының!
Жарқыным-ау, жарқыным!
Үдей түскен қарқының,
Көз алдыға келтіред,
Нажағайдың жарқылын!
Жарқыным-ау, жарқыным!
Пәсеймесін қарқының!
Жаны иманды нағыз ер,
Жоғын жоқтар халқының!
Жарқыным-ау, жарқыным!
Үнің қандай жарқын үн?
Сөзің қандай сап асыл,
Тілің қандай бал-шырын!..
Жарқыным-ау, жарқыным!
Сендей болсын халқының,
Бола білген жоқшысы,
Діні менен салтының!
Жарқыным-ау, жарқыным!
Үдей түсіп қарқының,
Сеніміңмен Аллаһқа,
Жынын қақтың қарсының!..
Жарқыным-ау, жарқыным!
Мақтанысың жалпының!
Барыңды сал халқыңа,
Тек, Жәннәттә ал тыным!...
Ағаңмын ғой, Аллаһтан,
Тілеуіңді тілейін!
Қасиетыңды әспеттеп,
Қадырыңды білейін!
 Өзімсің ғой, өзімсің!
Жатқа сені қимайын!
Жат жанынан түңілсін,
Жаттан артық сыйлайын!
Дүбіріңе жел ескен,
Құлағымды түрейін!
Кел, қане, мін арқама,
Тік көтеріп жүрейін!
Танымастар Хаққысын
Хақтық қақын түсінсін!
Хақшылдығың хақсыздың,
Басып тұрсын мысын шын!
Ер-ұланым – еңселім,
Елдің туған бағына!
Аллаһ – Хақтың жолында,
Шығысайын жағыңа!
Мынау аз-ақ ғұмырда,
Хақтың,
Елдің діні үшін,
Барымызды атайық,
Сүрмей өмір күн үшін!
Сүрген өмір күн үшін,
Ісімізден үлгі алсын!
Хақ құлдарша, Иншаллаһ,
Ізімізде гүл қалсын!..
Түсінбеген түсінер!
Түсінгені бағалар!
Хақшыл жұрттан дәметпес,
Хақтың өзін жағалар!
Өзімізді сыйлайық,
Өзімізді шындайық!
Хақ елшісін үлгі етіп,
Қиындыққа қыңбайық!
Қазақ деген қайсар жұрт,
«Құрттан» аман өзегі!..
Оған содан ел боудың,
Келді қайта кезегі!..
Бірақ, тағы, ол да рас:
Көп ісімсіз қалыпсыз!..
 Бір ғасырда көбінен
Айырылған халықпыз...
Соның басы сыйластық,
Ол ділде емес, тілде тұр.
Сондықтан да ел болмысы
Сияқтауда қыл көпір!...
Сондықтан да әуелі
Қайту керек сыйластық!
Жатты жаннан түңілтпек,
Келсе қайтып сыйластық!
Күрес керек ол үшін,
Құлдық керек Құдайға!
Анық құлды өзіне,
Құптары анық Құдай да!
Сондықтан да, бауырым,
Жатқа сені қимайын!
Жат жанынан түңілсін,
Жаттан артық сыйлайын!
Қазақ та өзін сыйласын,
Жұдырықтай жұмылсын!
Сөйтіп, қайта қазақтың,
Өлі рухы тірілсін!..
Бағам еді бұл менің,
Ұнаған соң көпке ісің!
Мақтағаным емес бұл,
Сыйлағаным деп түсін!
Жарқыным-ау, жарқыным!
Мақтаны бол жалпының!
Барыңды сал халқыңа,
Тек, Жәннәттә ал тыным!
Алтыным-ау,
Алтыным!
Әмин,
Аллаһу Әкбәр!
2012.11.13





Пікір жазу