* * *
Аңдатпа: Бұл өлең ең көне ғасырлардың кеудесін жарып шыққан, бабалардың бізге деген сенімін, бізге де-
ген үмітін ақтау керек екенін ерте түсінген ұрпақтың – бабаларға деген тағызымы мен сенімді серті іспетті. Ең ерте ғасырдың айбарын бойға сіңіріп, жаңа ғасырға атансам деген жас ұлдың жұды- рықтай жүрегінің – бұлқынысы, бұл өлең. Өткенді ұмытпай, кемелді келешегіне көк байрағын тік кө- теріп атанға хас ұланың атойы осы өлеңде. Өлең емес бұл өткенге берілген жас ұлдың серті!
Аннотация: Стихотворение о том, как важно вовремя пере- нять наследие предков, оправдать их надежды. Зов молодого ростка, корень которого глубока. Это путь в светлое будущее. Не стихотворение, а обещание молодого ростка!
Abstract: The poem about how important it is to adopt the heritage of ancestors in time, to justify their hopes. The call of a young sprout whose root is deep. This is the path to a brighter future. Not a poem, but a promise of a young sprout!
* * *
Ең көне ғасырдың бөрісі найзағай тілінде үн қатып,
Байғұздың зарымен меймезгіл күн батып.
Бабалар үні ғой көшпенді дәуірді аңсаған,
Жыр жазып, аламыз біз оны жұбатып.
Ең ескі жылдарды жұтамыз ақпарат көзі мен,
Солардан ауыр ой, қайғы шер сезінем.
Солардың үніне құлақ сап,
Бөрілік – өмірдің мұңымен көзілем.
Ең ескі айлардың түнектен түндігі серпіліп,.
Бөрілер найзаға тілін де, мекенін сағынып келді ұлып,
күнәдан адағы кетеді.
Анамның сүтіндей кіршіксіз – дала сүт,
Оянды жадымда сөнбейтін мәңгі үміт.
Ең ескі күндердің бөрісі, кім еді?
Ұлтының ғұмыры ақ адал жүрегі.
Оймақтай ойыма иненің табындай,
«Бес арыс», «бәйтерек» ұлылар түнеді.
Ең жаңа ғасырдың тілін де ғарышта,
Аспан да, дала да сөйледі.
Ең ғажап түстерге боялды арудың көйлегі.
Құстар да сөйлетін боп алды, ұшпайтын
боп алды алысқа.
Теңіздей тербейтін боп алды сондағы, ой мені.
Ең жаңа жылдардың жаңару мәнісі не осы?
Қай жаққа апарар, салынған көп үйлер жол ұшы?!
Сендегі арманың, мендегі ойлардың жемісі,
Мысалы: Сарыарқа төсінде – Астана қонысы.
Ең жаңа айлардың, ең нәзік сағаттай бұлт көші,
Қазақстан көшеді жастардың тілімен.
Ғарышқа яки даму да жұрт демі.
Ғасыр да, жылдар да, он екі ай, күндер де,
Жастардың жаңару, жаңғыру нүктесі.
Ең жаңа күндердің қымыздай өлеңі осы еді.
Бақытты бағым да, ең ащы мұңым да бес елі.
Анамның сүтінде даламның киесі.
Бөлтірік дәуірім ең ескі ғасырға көшеді.
Ең ескі ғасырдың түндігі түнектен жабылып.
Ең жаңа ғасырдың түндігі жүректен ашылып.
Өмірге біз келдік бөлтірік бауырың,
Болармыз біздер де, бабамдай Хас ұлық.