01.12.2021
  158


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ШАРШАДЫҢ БА?

«Бүгін бәрі бітті» – дедің...


Жүгенсіздік жанды жүн қып түтеді,
Жүрек жүдеп өзіңнен сыр күтеді.
Сонша тәтті екеуара бал-сезім
Қанша ғажап болса-дағы бітеді...
Шер кеудеге шемен болған ақ құсым,
Сол сезімді бітіруге жақпысың?!
Тылсым түнде тұнығыңа нұр сепкен
Құр қиялға айнала ма пәк түсің?..
Періштеден пәс төмен боп пендеше
Құшағыма құламап па ең сен кеше.
Жалықты ма жаһан-дария сезімің,
Сәл үзіліс жасайық бір ендеше.
Тұма мұңнан, құлазудан – шаршадың,
Жүрегіңді жұлқылады қанша арың...
Соның бәрін сезе тұра тілеймін
Жанарыңда жаз күлсінші, жауһарым.





Пікір жазу