21.11.2021
169
Өзің жоқ жерде
Мен саған сезім сыйладым,
Сен оны ала-алдың ба?
Қиятын жерде, қимадым,
Бос жолды жағаладым да..
Мен сенен үміт көп күттім,
Түндерді жалғап таңдарға.
"Енжарсың!"- десем,жігітім,
Сөкпе де мені, шамданба.
Мен саған хаттар көп жаздым,
Ойлансын деген ниетпен.
Ұқпадың кейпін пәк наздың,
Менмендік алды иектеп.
Ойымды ашық айта алдым,
Болсам да нәзік о, бастан.
Жасқадың, жүзім қайтардың,
Жылылау лебіз қимастан.
Мен сені текке ұнатып,
Желпінген жоқ ем,беталды.
Сөзімді айтқан мұқатып,
Қомсынған тұрқың есті алды.
Түсін сен,мейлі түсінбе,
Айтарым саған әлі көп.
Мені емес..
шатты мүсірке,
Өзің жоқ жерде,ол да жоқ..
Жанар Ешназар
17/05/2021