21.11.2021
154
Күткен жанмын
***
Күткен жанмын босағасы аялдама,
Не күткенім тек өзіме аян ғана.
Көрген күнім түсім болса қуанар ем,
Ұмытылып кететұғын оянғанда.
Өзгерусіз қашанғы бұл тұрмақ жайым,
Ғаріп қылма қу жанымды құрғақ уайым.
Күнсіп қалдым Күннен күлкі күтіп жүріп,
Күңірентіп кетті қолын бұлғап Айым.
Тыншымаған жүрек борсып таппай жайды,
Қабағымды шатты шақтан қақпайлайды.
Жанарыма жинап алдым салқын шықты,
Қуаныштар қалғып кетті-ау, бақпай қойды..
Жанар Ешназар
11/08/2021