meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  16.11.2021
  228


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Япырмай, уақыт деген осы екен ғой

Япырмай, уақыт деген осы екен ғой,
Балыңа, балаусаңа өш екен ғой.
Балалық – жалғыз бақыт...
Қалған ғұмыр
Балалықпен тайталас, бәсекең ғой.
Балалық тәтті елес қой, тәтті түс қой,
(Түс екеш түстің өзі қақтығыс қой).
Балалық – бейкүнә сәт, періште сәт,
Алғашқы және ақырғы ақтық іс қой.
Аңғармай алақаннан шашып алған
Бір уыс балалығың ақ күміс қой...
Сол күміс жылт-жылт етсе кейде бізге,
Үміттің желкені етіп келеміз бе?!
Қалмаса қорқынышты-ау бала күннің
Бір елес – бір белгісі денемізде.





Пікір жазу