16.11.2021
  190


Автор: Гульнази Назарова

Қиялдағы ғашығым

Қиялдағы ғашығым мен армандаған,
Мен сені әдемі ақ бұлттан жасап алғам.
Күтемін күдер үзбей бір өзіңді,
Елестетем кездеріңді қолыма қонған.

Қиялдағы ғашығым мен армандаған,
Мен сені әдемі ақ ұлпа қардан жасап алғам.
Жапалақтап жауғанда, борандатып,
Күтемін келіп қалар деп қай жағымнан.

Қиялдағы ғашығым мен армандаған,
Мен сені ыстық лептен жасап алғам,
Қараймын жан –жағыма алаңдаумен,
Қызыл жалын арасынан алаулаған.

Қиялдағы ғашығым мен армандаған,
Мен сені әдемі ақ құстан жасап алғам.
Ұшасың маған қарай жете алмайсың,
Алайда қанттарың еш талмаған.

Қиялдағы ғашығым мен армандаған,
Мен сені әдемі ақ гүлден жасап алғам.
Аңқиды жұпар иістерің мені тартып,
Ұқсайсың анамдай мәпелеп, аялаған





Пікір жазу