15.11.2021
279
Менің бүкіл өлеңім Отан жайлы
Менің бүкіл өлеңім Отан жайлы,
Отан берген бойымда от ойнайды.
Отан – жүрек, жүректен нәр алмаған
Отықпайды ешқашан, отаймайды.
Отан – жүрек.
Жүректің әр дірілі –
Соққаны емес тамырдың, тағдыр үні.
Отан – жүрек, жүректің иесі – біз,
Біздің қолда мықтылық мәңгілігі.
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері өлең отан жүрек ел Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы