11.11.2021
  168


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Шындық – жүрек

Шындық – сұмдық қаталсың да қаттысың,
Шындық – сұмдық ащысың да тәттісің.
Тусың – шындық.
Символсың сен, шарттысың,
Шынсың – шындық,
Сондықтан да нақтысың.
Шындық іздеу, шындық табу мәңгі арман,
Адамзатқа мәңгі мұрат сол болған.
Шындық үшін адамды адам алдаған,
Алдаған да, алдай алмай алданған.
Шындық күшін шама-күш жоқ өлшеуге,
Оны жүрек соғуымен мөлшерле!
Шындық – сәуле, көре алмауың да мүмкін
Шындық үшін құрбан болып өлсең де.
Шындық – жүрек, соғуынан танисың,
Дана – жүрек, сен алдында сәбисің.
Жүрегіңді қолыңа ұстай алмайтын
Табиғаттың заңы тастай, налисың...





Пікір жазу