05.11.2021
167
Үміт
Сенерім жалғыз сен ғана
Кеудемнің қоңыр күмбірі.
Сәбиім болып жол қара,
Бармақтай бағың бір күн.
Жарқ етіп саған жолығар
Тал түсте бір таң туғандай.
Таңдайың сенің толы бал,
Маңдайы оның нұр болғай.
«Бәтір-ау, біздер мұнша уақ
Табыспай қайда жүрдік» деп,
Жанарларыңды бір шылап
Жаңа бір жайсаң тірлік боп,
Уыздай ұйып жөнелер
Бәрі кеп бұрау күйіне.
Дәл айтсам бар ғой мен егер
Бұл – үміт дейтін дүние.