16.10.2021
  151


Автор: Дәркен Танабаев

Әмірші жүрек

Әмірші жүрек кеудемде,
Сезімім оған ақылшы.
Соғады сен деп деп жүрегім,
Күлімдеп күндей ашылшы.
Жанарың бұлттай мұңайып,
Ақ жауындай шашылшы.
Кетсе де бізден бір айып,
Себелеп өтіп басылшы.
Күн шықсын қайта күлімдеп,
Жасыңды қалқам жасыршы.
Айта алмай тұрмын гүлім деп,
Мойныма келіп асылшы.





Пікір жазу