15.10.2021
157
«Тоқтайын ба!» — дейді маған жүрегім
«Тоқтайын ба!" — дейді маған жүрегім
(Ол тоқтаса, не боларын білемін...)
Сұлу қыздың дидарындай дүние-ау,
Не болады мен кеткен соң реңің?..
Сен тоқтарсың су құйғандай отқа, рас,
Сен тоқтарсың,
Өмір бірақ тоқтамас.
Сен бақытты о дүниеден іздейсің,
О дүниең бұ дүниеге — бақталас!
"Тоқтайын ба!" дейді маған несіне?!
Тоқтап қалған таулар түсті есіме.
Көшіп жатқан бүлттар түсті есіме,
Асау өзен ағып жатыр көсіле.
Маралтай Райымбекұлы Маралтай Райымбекұлы өлеңдері Маралтай Райымбекұлы шығармашылығы жүрек дүние бақыт