18.09.2021
144
Жүрек
Таласып кеп кейде ойдың нөпірі,
Тілге оралып сұлу сөздің не түрі
Тұрса дағы, жұдырықтай ет жүрекке
Жасалмай-ақ қояды жыр көпірі.
Қадіріңді жеткізе алар түйіп кім,
Әміріңе жүгінбейді ұйып кім!
Ет жүрек деп аласартып айтқанмен,
Өзіңсің ғой ең биігі биіктің.
жүрек Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы