Жүрегіңнен жай тапсам
Сүйгенім де өзіңсің және алғашқым,
Өзіңменен өмірге қадам бастадым.
Табылса егер бір жігіт саған мендей,
Сендей жанды ешқашан таба алмаспын.
Өзің барда нұрланып айдай мекен,
Көктем құсы көңілде сайрайды екен.
Қанша құшып жүрсем де, жаным,сені,
Өмір бойы мен саған тоймайды екем.
Тоймаймын да, ешқашан тоя алмаспын,
Өлеңім мен өзіңді қоя алмаспын.
Мұңды жүрсең қуанту үшін сені,
Қолдан келген күшімді аянбаспын.
Күндіз естен кетпейсің, түн түсімнен,
Жүргенім жоқ мазалап күлкі үшін мен.
Сенен бөлек мені іздеп сапар шегіп,
Сенен бөлек жанымды кім түсінген.
Мезі еткенде жанымды жалбыз уайым,
Сергітетін тек сенсің жалғыз айым.
Тілегіңді айт, тартынба, керек болса,
Көкте күнді өзіңе алғызайын.
Жүрген шақта жұптасып,бауда бір боп,
Қиял қырын қыран боп самғадым көп.
Жүрегіңнен таба алсам өз жолымды,
Онда менің өмірде арманым жоқ.