13.08.2021
362
Ең қымбатым менің
Атам мені үнемі,
«Құлыным» деп жүреді.
Әжем маған сенеді,
Ертегі айтып береді.
Әкем тілеп тілегін,
«Балақай» деп жүреді.
Шешем сәби санайды,
«Балапан» деп қарайды.
Ағам маған күлімдеп,
Тіл қатады «інім» деп.
Мейірбанды анам да,
Атам, әжем, көкем де.
Маған апам, ағам да,
Бәрі қымбат екен де!