04.08.2021
143
Үміт
Сарғайғанда тіршіліктен сән кетіп,
Көз ұшында – сүрген өмір, әндетіп.
Торыққанда тағдыр иттен жиреніп
Үлгердің ғой – Үміт, Үміт сен жетіп.
Жалғыз өзің мың тамырға нәр беріп,
Егізіңдей саған өмір – жан серік.
Өлі шөптей қысқы шуақ түлеткен
Міне бәрі, келе жатыр әлденіп.
Үміт кетті талай қырдан асырып,
Тіпә, тіпә болмағай сөз асылық.
Таңданасың кеткеніне тағдырдың
Осы аурудың ішіндегі жасы ғып.