28.07.2021
  153


Автор: Индира Кереева

ҚИЯЛИ ӨЛЕҢ

«Құс жолында» бара жатыр бір елес,


Ағараңдап ақ жейделі сұлбасы.


Көктем келсе... Көңілімде төбелес,


Сол елеске жетемін деп. (Жылда осы)


 


Жұлдыздардан жасап алып десте гүл,


Отырады ол...


Көлеңкесін сүйіп ай. Көрініп ап көктен,


кетпей естен бір,


Зарықтырып қоятыны қиын­әй...


 


«Құс жолында» ілініп тұр бір үміт,


Қара көкте қалқығандай кеме шын. Тоқта!


Тоқтааа!


Жерде сәл­пәл кідіріп, Жетем саған Елесім...





Пікір жазу