21.07.2021
148
Бар ойым бастан кешті көзім көріп (А.С.Пушкиннен)
Бар ойым бастан кешті көзім көріп,
Көп қиял солғындады сәуле сөніп.
Жалғыз - ақ қалған нәрсе азап тарту,
Жемісі жалған ойдың жүрген көніп.
Қар, боран қаптап соғып тағдыр залым,
Гүлденіп жарқыраған солды тәжім.
Жалғыздық, жабырқарлық тұрмыс түрі,
Тек күтем өмірімнің ақыр шағын.
Ызғарын қысқы боран ұқса құлақ,
Кешкі аяз қаһар қылса дір қалтырап.
Сып - сидаң, сыны қашқан бір бұтақта,
Желпілдеп дірілдейді жалғыз жапырақ.