21.07.2021
  124


Автор: Анар Шамшадинова

Көңілімнің еркін ашып есігін

Көңілімнің еркін ашып есігін,
Жүрегімнің төрін саған ұсындым.
Өмірімді арнасам да несі мін?
Сенсіз тірлік ете алмаспын.
Түсіндім.
Тағдырымды берем сенің қолыңа,
Жаным менен тәнімді де қосып ал.
Күнде қарап отырамын жолыңа
Сәл кешіксең келмейтіндей шошынам.
Алла менен адамдардың алдында,
Сүйем сені құмарлықпен қиратқан.
Енді мені жерде жалғыз қалдырма,
Бірге өтейік ақтық күні Сираттан.





Пікір жазу