20.07.2021
  146


Автор: Анар Шамшадинова

Шағынатын шық таппай жүремін мен

Шағынатын шық таппай жүремін мен,
Арманым мен үмітім бір күнде өлген.
О, тәңірім, періште жүрегіммен,
Сенгім келген, сонан соң сүйгім келген...
Сенгім келген сезімнің ақтығына,
Алматының жұлдызды аспанына.
Ол мәз болып тәндердің шаттығына,
«Сүйем» деді мені ме, басқаны ма?
Мені ойлады, басқаны құшып, күліп,
Өзін, сосын алдады өзгелерді.
Уақыттың шыдамы ұшып тұрып,
Көктемдер де көңілсіз кезге келді.
Тәтті түстің түріне қанбас көңіл,
Аңызақ боп адасып күлкім желмен.
О, тәңірім, бұл неткен маубас өмір?!
Мен біреуді мәңгілік сүйгім келген....





Пікір жазу