13.07.2021
  152


Айсұлу Рүстемова‎

Мен биікке салып едім ұямды

13 қазан 1996

Өлтіре алмайды мендегі ешкім қиялды.
Қиялымнан Күн де бүгін ұялды.
Ағаштарда тұрған ұя құстікі,
Мен биікке салып едім ұямды.
Терезесі қарайды оның Күн жаққа,
Қабырғасы берілмейді мұздаққа.
Бар болмысым көктен еді тегінде,
Ал жүрегім - жерге қонақ- сыздатпа.
Бетін басып қарамайды, Ай мұңды.
Ай мен жұлдыз серік етті қайғымды.
Таң нұрымен бетім жудым, ауаға
Сәлем бердім, сүйдім және шалғынды.
Аспан түсті, көп-көгілдір көйлегім.
Сол көгіңе сүйендім де, сөйледім.
«Ауадағы адасатын ақ мамық»-
Қиялыма айналдың ба сен менің?
...Өлтіре алмайды мендегі ешкім қиялды.
Қиялымнан Күн де бүгін ұялды.
Ағаштарда тұрған ұя құстікі,
Мен биікке салып едім ұямды





Пікір жазу