meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.07.2021
  235


Автор: Ақан Сері

Көңіл тілегі

Бағаңа құн жетпестің бірі едіңіз,
Бақшада жаңа шыққан гүл едіңіз.
Сұқсырдай су ішінде мекен етіп,
Ілінбей қармағыма жүр едіңіз,
Көрініп қолға түспей жүрсің, қалқа,
Қай жерде мекен еткен түнегіңіз.
Түн қайтып түнегіңнен ұшқаныңша,
Үзімес сірә сізден күдеріміз.
Үмітім көңілімдегі бітер еді,
Артылса ақ төсіңе білегіміз.





Пікір жазу