10.07.2021
156
Аппақ әлем
Аппақ әлем...
Айналамыз ақ бояу,
Ақ бояуда бізден өзге жоқтай-ау.
Қос жүректің кетті шаңын тазартып,
Ешбір әсер жүрекке өтпес соқпай-ау.
Соғады да, соғады да аптығыс,
Дейді жүрек:
«Арманыңды қатты құш».
Ақ күміс қар үстінде біз келеміз,
Сезімдердің пәктігі де ақ күміс.
Алақанға қонған ақ қар еріп тұр.
Қарап едім,
Жанарыңда көрік – нұр.
Ақ сәулесін шашырата қарайды,
Төбемізден сұлулыққа жерік күн.
Алақанға қонған ақ қар еріп тұр.
Қарап едім,
Жанарыңда көрік – нұр.
«Бақыттыға кезігеді, қар гүлі», –
Дейді халық,
Қайтайықшы теріп гүл