10.07.2021
  185


Автор: Айтуар Өтегенов

Сен — менің Шаһаризадамсың

– Бұл сырды айтам жүрегімнің үнімен,
Сезім отқа өртенердің бірі мен.
Білсең жаным,
Шаһаризадамсың, сен менің,
Ғажап-ғажап сыр шертетін түнімен.
Таптым сені, табарымды біліп ем,
Бүршік атқан алма бақтың гүлінен.
Әумесерлеу, бірақ адал жанымды,
Аялашы шын ғашықтың тілімен.
Жұмбағына бұл өмірдің кімнің жеткен зейіні,
Тұп-тұнық деп ұғынамын маған деген пейілің.
Менен асқан бақытты адам болмас жердің бетінде,
«Мәртебелі Патшам, десең күліп қана, –Ей, Ұлы!»...
–Ей, Ұлы, Бақытты Патшам!
Болып шықпай жол торитын қарақшым,
Болып шықпай шарапшыл,
Болсаң егер тәңірім.
/Ер әйелге болу керек тәңірі/
Ал тәңірдің екі етілмес әмірі.
Айтсаң болды
Арманыңды алып ұшар алысқа,
Құсың болам – Самұрық.
Гауһар тасты жүзік ек...
Тақпақ болған ер жігіттің жүзі кеп.
Сол гауһардың иесі сен, өзіңе
Шаһаризададан артық етем қызмет.
Тек қана...
Бақыт үркек ұшып кетер қона алмай,
Қонбаған соң мұң ұялар жанарға-ай.
Көп әйелдер Шаһаризада бола алмай,
Көп еркектер Әмір – Патша бола алмай.
Өз патшасын тапқан ханым бақытты,
Қарақшыға тоналмай...





Пікір жазу