10.07.2021
202

Көрдім сені өзгенің
Көрдім сені өзгенің,
Қолтығында барасың.
Тырнап кеттің, сезбедің,
Жүрегімнің жарасын.
Сыртқа сыр боп жайылмас,
Іңкәр гүлдің солғаны.
Қандай қайғы айырбас,
Махаббатта болғаны.