10.07.2021
154
Өкпелемен...
Арманымды күні-түн,
Көз алдымнан көлбетем.
Қиялдаған жігітің,
Басқа ма екен, мен бе екен.
Түсіме күнде енгенің,
Бір өзіңде сән – көрік.
Жүрегімде сен менің,
Жатталғансың ән болып.
Өкпелемен мен саған,
Сүймесең де, сүйсең де.
Албырт жаным аңсаған,
Небір әсем күй сенде.