30.06.2021
173
Кетсе де алдап сағымдай үміт арман
Кетсе де алдап сағымдай үміт арман,
мен сені ұмыта алман:
төгілген көз жасым үшін,
жүрегімдегі қорғасын үшін;
саған ессіз сенгенім, сезгенім үшін;
сен үшін достардан безгенім үшін;
сені құшып тұрып пәктікті армандағаным үшін –
арланбағаным үшін;
сен бардағы мұңсыз күндерім үшін,
тілеулестерді күрсіндіргенім үшін;
аймалап-құшқан қылықтарың үшін,
дүниені ұмытқаным үшін;
өкініш қарыған жалын мұңым үшін,
сонау бір сағым күнім үшін
мен сені ұмыта алман.