30.06.2021
388
![](/uploads/shorttexts/author_image/photo5208474477736868270vapvap.jpg)
Бақыт туралы ән
Жанарлармен тіл қатып,
жүректерді жырлатып,
сезім деген айдынға
мың бұлқынып, мың батып -
кездесу де бір бақыт!
Тамған жасты нұр-жақұт
еріндермен құрғатты,
ләззат пенен аңсауға
ой-санаңды ұрлатып -
қоштасу да бір бақыт!
Елікпей еш жырға түк,
кірпік ілмей түн қатып,
іңкәрліктен үздігіп,
аңсаған да бір бақыт!
Қонса еді тек бұл бақыт!...
бақыт ән сезім жүрек Фариза Оңғарсынова Фариза Оңғарсынова шығармашылығы Фариза Оңғарсынова өлеңдері