30.06.2021
  167


Автор: Фариза Оңғарсынова

Бұлай сүймейді, жарықтығым

Бұлай сүймейді, жарықтығым,
сезім емес есті алар - анық мұның.
Сенен көзді жұмғызып тамсандырар
еш ләззат қалған жоқ. Қалыпты мұң.
Жүрек құрғыр құрметті ескере ме,
не атақтан, даңқтан сескене ме:
қайтем, сенен жанымда түк қалмады:
қуаныш та, қайғы да - ештеңе де!
Табынған боп, сүйген боп көндігер ем -
көнер емес жүрегім, сорлы денем.
Сыйлағаннан махаббат тумайды еқен,
сирек келер сезім ғой ол бір ерен.
Мүмкін бұдан жанында мұң қалары -
ер жігіттің намыс қой бір жарағы.
Құлай сүйгізе алмаудан, сүйе алмаудан
сезімдер былғанады.
Солай.
Мейілің жек көріп жерлесең де.
Бірақ айыпты есмеспіз: мен де, сен де.





Пікір жазу