29.06.2021
  176


Автор: Фариза Оңғарсынова

Тынбайды жүрек алқынып

Тынбайды жүрек алқынып,
Қай жаққа барып жай табам,
келгендей маған жалқы жұт.
назымды кімге айта алам?
Шағала көңіл шарқ ұрып,
іздейді сені қайтадан.
Найзағай-ашу ноқталап,
булығып жаттым мен бес күн,
қажеті жоқтай енді ешкім,
жанары - тылсым, от қабақ
жасынмен жалғаз белдестім.
Айналып түссін аспаным -
көрмеймін енді деп сені,
көзімді аштырмай кек селі,
тулайды тәнде жас қаным,
жалынды жалғыз кешкелі.
Көміліп жаттым жас, мұңға,
сезбеймін - түс пе, кеш пе еді...
самал боп үміт еспеді,
қайықтай жойқын тасқында
быт-шыт боп қалған ескегі.





Пікір жазу