19.06.2021
331
Қай жерде отырса да қарлығашың
Қай жерде отырса
да қарлығашың,
сен оның
жүрегінде, жанындасың.
Сәбидей сенің
әппақ көңіліңе
күдіктің күңгірт
бұлты шалынбасын.
Қай жерде отырса
да қарлығашың,
ұқ,
жаным, оның жатқа табынбасын.
Біл, жаным, оның
албырт жүрегінің
жалынып,
өзгелерге жағынбасын...
Өмірде, қарап тұрсам, бағың да сын,
тек жаның
жалынынан арылмасын!
Көзіңнен ой
оқыған сонау күні
арнаған өзін
саған қарлығашың.
Қарлығаш жүрек көңіл Фариза Оңғарсынова Фариза Оңғарсынова өлеңдері Фариза Оңғарсынова шығармашылығы