19.06.2021
  188


Автор: Фариза Оңғарсынова

Мен оның құшағында

Мен оның құшағында,
ол сенің құшағыңда -
алдаймыз өзімізді және... ол байғұстарды;
Біз бұлай азаптап ек қай дұшпанды?!
Мен оны сен деп құштым, сен оны мен деп құштың:
арпалыс. Жүректер мұз. Денені, оны алдайсың.
... Ал астан жерінгенмен, аштықтан өле алмайсың!

1978





Пікір жазу