13.06.2021
  430


Автор: Ілияс Жансүгіров

Қиялымнан түңілдім

А. С. Пушкиннен аударма

Қиялымнан түңілдім,
Тілегімді тауыстым;
Жемісі бос көңілдің
Тек азаппен алыстым.
Дауылы тас тағдырдың,
Солдырды өмір гүлімді.
Жабырқаумын, жалғызбын,
Тұрмын күтіп өлімді.
Соңғы суық соққандай
Қалған кейін жапырақ,
Тоңып бүрсең, қаққандай
Тұр бұтақта қалтырап!..





Пікір жазу